Жел және жаңбыр: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Сәрсенбі, 25 маусымда Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің бірқатар өңірінде найзағай, жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі, ал еліміздің оңтүстігінде +38 градусқа дейін қатты ыстық және құмды дауылдар болжанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Астана – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +20…+22.
Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін. Температура түнде +21…+23, күндіз +34…+36.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Температура түнде +21…+23, күндіз +36…+38.
Ақтау – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс, батыс желі 7–12 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +22…+24.
Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +25…+27.
Атырау – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Батыс, солтүстік-батыс желі түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +26…+28.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыс желі 7–12 м/с, екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +27…+29.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыс, шығыс желі 7–12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Температура түнде +10…+12, күндіз +21…+23.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыс желі түнде 5–10 м/с, күндіз 7–12 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +19…+21.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс бағыттағы жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +20…+22, күндіз +35…+37.
Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 5–10 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +22…+24.
Қызылорда – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, құмды дауыл. Солтүстік-батыс желі түнде 9–14 м/с, күндіз 15–20 м/с, екпіні 23 м/с дейін. Температура түнде +19…+21, күндіз +31…+33.
Павлодар – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +21…+23.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс, солтүстік-батыс желі 5–10 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +19…+21.
Семей – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Батыс, солтүстік-батыс желі 7–12 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +15…+17, күндіз +23…+25.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыс желі 7–12 м/с, екпіні 14 м/с дейін. Температура түнде +18…+20, күндіз +34…+36.
Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс бағыттағы жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с. Температура түнде +19…+21, күндіз +34…+36.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыс желі 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Температура түнде +24…+26, күндіз +36…+38.
Орал – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Батыс, солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +25…+27.
Өскемен – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыс бағыттағы жел солтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +15…+17, күндіз +26…+28.