Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеумет әлеуеті – басты назарда

Әлеумет әлеуеті – басты назарда

Жұмыссыздықпен күрес әрбір мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші сол өңірдің әлеуметтік әлеуеті, хал-ахуалын анықтатады. Себебі экономикалық өсімге жұмыссыздықтың тигізер әсері орасан. Бүгінде Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында халықты жұмыспен қамту саясаты жүзеге асырылуда. Бұл орайда қабылданған түрлі оңтайлы бағдарламалар бар. Ал аудандағы ахуал қандай? Көз жүгірттік.
Жыл ішінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп, бірнеше жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар берілген. Ынталылар кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтері алған. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беріп, шағын бизнесті қанаттандырып, орта бизнесті өрістетуге үлесін қосқан.
Халықты жұмыспен қамтып, кәсіпкерлік нысындарының барлығына тең жағдай жасау арқылы ашықтықты қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау тиімділігін танып үлгерген аудан жұртшылығын да жағдайларын жақсарту бағытында ізденісін арттырған
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша, аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5 процентті құраған. Жарты жылдық нәтижесінде 1377 тұрғын жұмыспен қамтылған.
Олардың 325-і түрлі бағытта тұрақты жұмысқа жіберілген. Оқуы аяқталғанына 5 жыл толмаған, 35 жастан аспаған 71 жұмыссыз жас алған кәсібі, меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында «Жастар практикасы» бойынша уақытша жұмыс тапқан.
«Бұған дейін күнделікті ақы төлейтін сауда қатарларында жұмыс істегенмін Жыл басында мамандығым бойынша балабақшадан жұмыс таптым. «Жастар практикасының» мерзімі аяқталған соң, бос орынға тұрақтанбақпын. Тәжірбе маған көп нәрсе үйретті. Мемлекеттің қамқорлығы арқылы өз мамандығым бойынша біліктілігімді шыңдап, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосамын деген ойдамын», – дейді Дана Мәдиева.
Сұранысқа сай 40 адам әлеуметтік жұмыс орнына тартылса, 887 қазалылық ақылы қоғамдық жұмысқа орналасқан.
Елімізде соңғы жылдары зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Күміс жас» жобасы қолданысқа енгізілді. 50 жасқа толған қазақстандықтарға 3 жылға дейін қатысуына мүмкіндік беретін жоба аясында 54 адам жұмыс тапқан.
15-34 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі – 3,4 процент.
Аймақта халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу басты міндеттердің біріне баланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әкімдіктер жыл сайын халықты жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын бекітуді жолға қойған. «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасын іске асыру, халықтың еңбек мобильділігі, субсидияланатын жұмыс орындары мен жұмыс берушілер ұсынатын вакансиялар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша нақты шаралар көзделген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» жүзеге асырылуда. Бұл бастама шеңберіндегі 38 жоба бойынша 268 жұмыс орындарын құру жоспарлаған. Олардың 86-сы яғни 32,0 проценті жұмыспен қамтылған.
Сонымен бірге бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін. Мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша 141 жоба жоспарланған.
Осы жылдың 9 маусым күні өткен бірінші лек комиссия отырысы шешімімен 73 адам оң қорытынды алған.
«Ауыл тұрғынымын. Қазір ешнәрсеге тосқауыл жоқ деп ойлаймын. Қандай нәрсеге бейміділігің бар, кәсіпке айналдыр. Бұл уақыт талабы. Бизнес жобамда асыл тұқымды мал алып, таза табиғи өнім өндіруді мақсат тұтып отырмын. Сүтті тікелей өткізу, сондай-ақ қатық, айран, құрт, ірімшік жасау ойымда бар», – дейді Әйгерім Нұрәли.
Азаматтарды, әсіресе ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту да өзекті. Шалғайдағылардың қамқорлықтан шет қалмауын көздеген азаматтардың жеке ісін ұйым-дастыру арқылы экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған бағдарлама да өз нәтижелілігін көрсетті. 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша 110 адам табысты тұлғаға айналған.
Жұмыспен қамтылғандардың еңбек шарттары енгізіліп, міндетті зейнетақы жарналары бақылауға алынған.
Қоғамның бір бөлігін құрайтын мүгедектермен жұмыс та жолға қойылған
Жыл басынан бері 3395 тұрғын мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алған.
2025 жылы Қазалы ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Кедергісіз ортаны» қалыптастыруға байланысты 21 объектінің тізімі бекітілген. Оның ішінде ағымдағы жылдың маусым айына дейін толық бейімдеу жұмыстары жүргізілуге жататын 5 инфрақұрылым «Интерактивті картаға» енгізілген. Өзге нысандарды бейімдеу жұмыстары жыл соңына дейін толық жүргізіледі.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі деректеріне сүйенсек, мүгедектігі бар адамдардың аблитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуында олқылық жоқ.
Мүмкіндігі шектеулі азамат үшін тапсырыс берілген 170 дана протездік-ортопедиялық құралдардың 117-сі жеткен. Бұл 68,82 процентті көрсетеді. Сурдотехникалық көмек, тифлотехникалық құралдардың үлестірілуі, жеке көмекші, ымдау тілі маманы қызметі толық орындалған.
Аудандағы 37 адамның кресло-арбаларын жаңартуға ұсыныс берілсе, олардың 36-сы қажетті құралға ие болған.
Мүгедектігі анықталған 110 азамат санаторий-курорттық емделу қызметін алса, 578 жан міндетті гигиеналық құралдар алған
Жалпы мүгедектігіне байланысты оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтылу 85,3 процентті құраған.
Жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын таппақ.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
24 маусым 2025 ж. 134 0

Дөңгелек үстел өтті

24 маусым 2025 ж. 242

IQANAT-та топ жарды

24 маусым 2025 ж. 136

Бас жүлде – Қазалыда

24 маусым 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30