Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты»: табысқа жетелейтін жоба

«Ауыл аманаты»: табысқа жетелейтін жоба

Фото: ашық дереккөзден
Ауданда жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, азаматтарды аграрлық бизнеске тарту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылып жатқанын жақсы білеміз. Осы ретте жобаның қаншалықты жемісті болып жатқанын білмек ниетпен аудандық ауылшаруашылығыжәне жер қатынастары бөліміне хабарластық.
Бөлім мамандарының айтуынша, ауыл тұрғындарының бизнес-идеяларын қолдап, табыс көзін арттыруға бағытталған кешенді жоба жүйелі іске асуда. Ауылтұрғындарыкәсіпкерлікті дамыту үшін ұзақ мерзімді және аз пайызбен несие алу мүмкіндігін пайдалануда. Былтырдың өзінде ауданда «Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы құны 883,6 миллион теңгені құрайтын 131 жоба қаржыландырылған. 180 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ашып айтар болсақ, ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі бойынша 8 жобаға 159,7 миллион теңге қаржы құйылған. Ал өңдеу саласы бойынша 67 жобаға құны 418,8 миллион теңге болатын қомақты қаражат бағытталған. Мал шаруашылығы бағытындағы 16 жобаны жүзеге асыруға 73,6 миллион теңгежұмсалған.
Сондай-ақ егін шаруашылығы бойынша10 жобаға 59 миллион теңге бөлінген. Ауылшаруашылығынан бағыты басқа 30 жобаға 172,5 миллион теңге қарастылған. Аталған жобалар 19 елді мекенді қамтыған. Бұл –біршама көрсеткіш...
Адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған бағдарлама кәсіп бастағысы келетіндерге кәдімгідей қолдау көрсетіп жатыр. Алайда берілген қаржыны кәсібіне жұмсамай, мақсатсыз жарататындар бар екен. Бағдарламаны орындауға байыппен қарамайтындардың барын айтқан ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары «несие алған 2 жеке кәсіпкер жобаны толығымен іске қоспай, 7 миллион қаржыны басқа мақсатқа жұмсап жіберген» дегенді айтады.
«Тиісті құжаттарын ұсынбағаны үшін «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тарапынан қаржыны мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында сотқа жолданған Ал 3 жеке кәсіпкер 8,5 миллион теңге несие қаражатының жетпеуіне байланысты кәсібін тоқтатып, несиесін мерзімінен бұрын өтеді» дейді олар.
Ал 2025 жылдың мамыр айының бел ортасына дейін жоба аясында салық және әлеуметтік төлемдер бойынша7,3 миллион теңге келіп түскен. Қызығы, мұндай төлемдерді жасамай, міндеттемеден жалтарғандар да бар. Нақтыласақ, 12 кәсіпкер салық төлемдерін мүлдем жүргізбеген болса, 36-сы ішінара төлем жүргізген.
Жоғарыда айтқанымыздай, бағдарламаны жүзеге асыру нақты нәтижелермен дәлелденіп келеді. Бүгінде аудан бойынша (Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, Жалаңтөс батыр ауылы бойынша) 3 шағын өндірістік орталық ашылып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуда. 17 жоба іске қосылып, оған 59.1 миллион теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде «Ауыл аманаты» аясында 5 жоба(кондитер өнімдері, кафетерий, фастфуд өнімдері, гранолла таңғы асы және балмұздақ дайындау) қаржыландырылып, 38,1 миллион теңге игерілді.
Сондай-ақ өз қаражаты есебінен 21 миллион теңге болатын 12 жоба(ұлттық тағамдар, балмұздақ дайындау, дәріхана, тігін цехы, кондитерлік цех, киім-кешек дүкені, азық-түлік дүкені, оқу орталығы, кеңсе заттары және компьютерлік қызмет көрсету орны, спорт орталықтары) қаржыландырылды.
2024 жылдың қаржысы 2 траншпен игерілді. Республикалық бюджеттен шілде айында151,2 миллион теңге болатын 26 жоба, сондай-ақ желтоқсан айында 248 миллион теңг еболатын 37 жоба қаржыландырылып, 2025 жылдың наурыз айында толық игерілді.
Биыл ауданда«Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға 835,1 миллион теңге бөлінбек. Жоспарғасәйкес124 жобақаржыландырылып, 135 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Яғни, Ауылшаруашылғы өндірістік кооперативі бойынша1 жоба іскеаспақ. Оған шамамен 30 миллион жұмсалма. Ал264 миллион теңгені құрайтын қаржы өңдеу саласы бойынша 42 жобағаберілмек. Мал шаруашылығы бағыты бойынша 26 жоба 185 миллион теңге болатын қаржы бөлінбек. Егін шаруашылығы бойынша 11 жоба 67,8 миллион теңгемен қаржыландырылса, ауыл шаруашылығынан басқа бағыттағы 39 жоба 241,3 миллион теңге берілсе, техника сатып алу бойынша 5 жобаға 47 миллион теңгежұмсалады деп жоспарлануда.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту мақсатында жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қазалылықтар ынта-ықылас қойып, табыс табуға табанды ыңғай білдіріп отыр.
Бұл сөзімізгеаталғанбағдарламаменкәсіпбастап, өз ісін өрістетіп отырған тұрғындар дәлел. Әйтсе де жеткен жетістікке тоқмейілсімей, кәсіпкерлік көкжиегін одан әрі кеңейту керек-ақ. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдыңәл-ауқатын арттыруда бағдарламаның нәтижелі жүзеге асуын қатаң бақылауға алу қажет. Сонда ғана тұрғындар мемлекетқолдауымен кәсіпте тасын өрге домалатып, тіршілікті тіктейді.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
24 маусым 2025 ж. 123 0

Дөңгелек үстел өтті

24 маусым 2025 ж. 242

IQANAT-та топ жарды

24 маусым 2025 ж. 136

Бас жүлде – Қазалыда

24 маусым 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30