Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дипломмен-ауылға»: бағыты оң бағдарлама

«Дипломмен-ауылға»: бағыты оң бағдарлама

Фото: Жасанды интеллеккт
Мемлекет тарапынан жастарды қолдауға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылы қабылданып, сол уақыттан бері мыңдаған жас ел игілігі үшін қызмет етіп келеді. Ауыл-аймақтарға жас мамандарды тартып, олардың сол елді мекендерде тұрақтануына жағдай жасаған бағдарламаға бүгінде сұраныс артқан.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушылар қатары да артуда. Бүгінде бағдарлама арқасында денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша білім алған жас мамандар, сондай-ақ мемелекеттік қызметшілер көтерме жәрдемақы алып, өз баспаналарына қол жеткізуде.
Аталған бағдарлама аясында ауданда жасалған жұмыс қарқыны да артқан. Былтыр «Дипломмен ауылға» бағларламасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 72 маманға 605 488,0 мың теңге қаржы қаралған. Жыл соңында 68 маманға тұрғын үй несиесі беріліп, 100 пайызға игерілген. Сала бойынша сараласақ. Бюджеттік несиеге қол жеткізгендердің ішінде мұғалімдердердің үлесі көп екенін байқадық. Қолдағы сандық көрсеткіш соны айтады. 33 педагог бюджеттік несие алған. Одан кейінгі кезектіден саулық сақтау саласының мамандары толықтырады. Олардың саны 32. Мәдениет бойынша 2адам болса, спорт саласы бойынша1 маман бағдарламаға қатысып, баспаналы болған.
Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мал шаруашылығы сектор меңгерушісі Мұратбай Бекмағамбеттің айтуынша, кент және ауылдық округ бойынша баспана алуға берілетін несие көлемі екі бөлек сомада қарастырылған.
«Кент аумағынан баспана алуға берілетін қаржы көлемі 1 маманға 9 230 000 теңгені құрайды. Бұл дегеніңіз 2500 айлық есептік көрсеткіш. Ауылдық округ бойынша 1 маманға 2000 айлық есептік көрсеткіш, яғни 7 384 000 теңге беріледі. Ал 1 маман 100 айлықесептік көрсеткіш көлеміндегі, яғни 369 200 теңгені құрайтын жәрдемақыны ала алады» дейді ол.
2024 жылы бюджеттен 34 704,8 мың теңге қаралып, бір реттік көтерме жәрдемақы 94 маманға беріледі деп жоспарланған. Қуанарлығы, қаржы толық игеріліп, бағдарламаға қатысқан мамандар жәрдемақыға қол жеткізді. Дәлірек айтсақ, мамыр айында 90, желтоқсан айында 4 маман әлеуметтік қолдауға ие болды.
Қызығы, мұнда да білім беру саласының үлесі басым. Білім беру бойынша 54 адамжәрдемақыға ие болса, денсаулық сақтау бойынша 25, мәдениет бойынша 1, спорт саласы бойынша 3, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 2, агроөнеркәсіптік кешен бойынша 9 маман бағдарлама сыйлаған қолдауды сезінді.
Байқағанымыздай, ауданда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Алдағы мақсаттар айқындалып, 2025 жылға бағларламасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 306 696,0 мың теңге қаржы қаралған. Демек, биыл 33 маман қоныс тойын тойлайды. Бөлінген бюджетті игеру тамыз және қыркүйек айларына жоспарланған.
Көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 36 567,6 мың теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 93 маманға көтерме жәрдемақы беріледі деп күтілді. Сектор меңгерушісінің мәлімдеуінше, аталған көмекті ұсыным берген барлық қатысушы мамыр айында алып үлгерді.
Бағдарламаның тиімді тұсы өте көп. Тек соған қатысудың тетігін дұрыс тауып, мүмкіндікті мейлінше пайдалануға талпыну керек. Егер бағдарлама турасында толыққанды білгіңіз келсе, тиісті сала маманына жүгінгеніңіз жөн.
Биыл «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының іске асқанына – 16 жыл. Байқағанымыздай, еңбек жолын ауылдан бастағысы келген әрбір жасты мемлекет қолдауға қашан да дайын. Бұған Қазалыға ат басын бұрып, бірнеше жыл бір мекемеде тұрақты қызмет еткен жас мамандар дәлел. Сондықтан жастар «ауылға барып қызмет етемін» деген қағиданы басты бағдарға айналдыру қажет.

Арайлым ЖҮСІПОВА
24 маусым 2025 ж. 184 0

Дөңгелек үстел өтті

24 маусым 2025 ж. 243

IQANAT-та топ жарды

24 маусым 2025 ж. 137

Бас жүлде – Қазалыда

24 маусым 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30