Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспийге Қызыл кітапқа енген албырт шабақтары жіберілді

Каспийге Қызыл кітапқа енген албырт шабақтары жіберілді

Ақтауда каспийлік албырт, яғни, лосось балығының 582 шабағы теңізге жіберілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Фото: Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасы
Шабақтар Ақтаудағы заманауи балық өсіру кешенінде өсірілген. Аталған кешен биофильтрация, дезинфекция, оттегімен қанықтыру және су температурасын бақылау жүйелерімен жабдықталған.
"Шараның басты мақсаты — Каспий теңізінде жойылып бара жатқан балық түрлерінің санын қалпына келтіріп, экологиялық тепе-теңдікті сақтау. Салмағы 300 грамнан асқан шабақтардың табиғи ортада тірі қалу мүмкіндігі 20 пайыздан жоғары. Бірақ олар үшін заңсыз балық аулау, жыртқыш балықтар қауіпті", — деді ұйымдастырушылар.
21 мамыр күні теңізге 109 шабақ жіберілген. Жыл соңына дейін жалпы саны 3 мыңнан астам шабақты табиғи ортаға жіберу жоспарлануда.
Каспийлік албырт тек Каспий теңізінде ғана мекендейді. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және оны аулауға заң жүзінде қатаң тыйым салынған. Кейінгі жылдары бұл балықтың популяциясы күрт азайған.
22 маусым 2025 ж. 228 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031