Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақшаларыңды алып кетіңдер»: зейнетақы қоры қазақстандықтарға үндеу жасады

«Ақшаларыңды алып кетіңдер»: зейнетақы қоры қазақстандықтарға үндеу жасады

Бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған.
Фото: enpf.kzФото: enpf.kz
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарда 37 миллиард теңгеден астам қаражат сұраусыз қалған. Қор өкілдері бұл қаражатты кімдер ала алатынын және ол үшін не істеу қажет екенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БЖЗҚ-ның ақпаратына сәйкес, жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге. Бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:
- 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлер талап ете алады;
- 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;
- 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының есебін БЖЗҚ жүргізеді, инвестициялануын жалғастырады және салымшылардың ЖЗШ-да алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады.
Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.
“БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі. Сондай-ақ зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет”, – делінген хабарламада. 
 

21 маусым 2025 ж. 193 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30