Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан шегірткеге қатысты жағдайды көршілермен бірге бақылап отыр - Бектенов

Қазақстан шегірткеге қатысты жағдайды көршілермен бірге бақылап отыр - Бектенов

Қазақстан көршілерімен бірге шегірткеге қатысты жағдайды бақылап отырғанын премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қытаймен фитосанитария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде тұрақты онлайн-консультациялар мен шекарада бірлескен инспекция жүргізіледі. Биылғы жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарда мароккандық шегіртке тәрізді зиянкестердің ошақтары анықталған жоқ. Қырғызстанмен оңтүстік өңірлерге, Ресей Федерациясымен солтүстік және шығыс облыстарға мониторинг жүргізілуде. 2025 жылдың маусымына батыс және солтүстік өңірлерде бірлескен іс-шаралар жоспарланған», - делінген Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Негізінен карантиндік жәндіктердің көші-қон қаупін ескере отырып, мемлекетаралық мониторинг көрші елдердің ұлттық карантиндік қызметтерімен бірлесіп тұрақты негізде жылда жүзеге асырылады.
21 маусым 2025 ж. 220 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031