Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ: 2024 жылы қақтығыстардағы балаларға қарсы зорлық-зомбылық рекордтық деңгейге жетті

БҰҰ: 2024 жылы қақтығыстардағы балаларға қарсы зорлық-зомбылық рекордтық деңгейге жетті

Фото: pexels
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2024 жылғы қарулы қақтығыстар кезінде балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық фактілерінің рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ-ның «Балалар мен қарулы қақтығыстар» атты жыл сайынғы баяндамасында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұйымның деректеріне сүйенсек, 2024 жылы барлығы 41 370 ауыр құқықбұзушылық тіркелген. Оның 36 221-і биыл жасалған, ал 5 149 жағдай бұған дейін болғанымен, тек осы жылы ресми түрде расталған. Салыстырмалы түрде 2023 жылы 32 990 бұзушылық тіркелген болатын, оның 2 285-і өткен жылдары жасалып, кейін дәлелденген.
2024 жылы қарулы қақтығыстардағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. 2023 жылмен салыстырғанда елеулі бұзушылықтар саны 25%-ға өсті, - делінген БҰҰ баяндамасында.
Бұзушылықтар жиі тіркелген негізгі аймақтар ретінде Израиль, басып алынған Палестина аумақтары (әсіресе Газа секторы), Конго Демократиялық Республикасы, Сомали, Нигерия және Гаити аталды. Бұл елдерде балалар жиі қақтығыстардың тікелей құрбанына айналып, кейбірі қарулы құрылымдарға еріксіз тартылып жатқаны атап өтілді.
БҰҰ өкілдері халықаралық қауымдастықты балалардың қауіпсіздігін қорғауға, халықаралық құқық нормаларын сақтауға және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге шақырып отыр.
20 маусым 2025 ж. 290 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930