Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек демалыстарының маусымы валюта бағамына әсер етіп жатыр – Ұлттық банк

Еңбек демалыстарының маусымы валюта бағамына әсер етіп жатыр – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне доллардың теңгеге шаққандағы бағамы неге құбылып тұрғанын бастағанын айтты.
Фото: Freepik
— Негізгі факторлар — жазғы еңбек демалыстарының басталуына байланысты жеке тұлғалардың шетел валютасына сұранысты арттыруы. Екінші елеулі фактор — бюджеттік және квазимемлекеттік бағдарламаның іске аса бастауы. Бюджет процедуралары және мемлекеттік сатып алу процедураларымен байланысты бекітілген ақша бюджет әкімшілеріне маусым айында жетіп, жұмсала бастайды. Қазір инвестициялық бағдарламаларды іске асыру басталды. Оның көбі қондырғылар, қосалық бөлшектер алумен байланысты, — деді Тимур Сүлейменов.
Айтуынша, осы фактордың бәрі валюта саудасын қыздырған. 
— Біз валюта бағамы әрі қарай да өсетінін көріп отырған жоқпыз. Болжам бере алмаймыз, бірақ негізгі екі факторды атадым. Экономикамыз өсіп жатыр, ал сыртқы факторды ешкім болжай алмайды, — деді Ұлттық банк басшысы.
Айта кетейік, бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 522 теңгеден сатылып жатыр. 


19 маусым 2025 ж. 320 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 114

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031