Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді екі номиналды монеталар шығарылмайды

Қазақстанда енді екі номиналды монеталар шығарылмайды

Фото: pixabay.com
Қазақстанда енді 1 және 2 теңгелік монеталар шығарылмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қазір бұл монеталарды шығару тиімсіз.

"Біз 1 теңгелік монеталарды соғу тиімсіз екенімен келісеміз. Сондықтан негізгі жоспарымыз мынадай: айналымда жүрген монеталар бар және олар қолданыста қала береді. Бірақ қосымша соғу жоспарда жоқ. 2 теңгелік монеталарға да қатысты жағдай осындай. Қолданыста жүрген, қалтамызда жүрген монеталарды айналымнан алып тастамаймыз, бірақ жаңа монеталарды шығару үшін қаржы жұмсамаймыз", – деді Сүлейменов.

Еске салсақ, 2025 жылдың наурызында Қазақстанда жаңа 1000 теңгелік банкнота айналымға шыққан еді.
19 маусым 2025 ж. 266 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031