Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты

«32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты

Фото: primeminister.kz
Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова егер бүгін зейнетке шықса, қандай көлемде зейнетақы алуы мүмкін екенін айтты.
"Мен 3 түрлі төлем алар едім. Өйткені жұмыс өтілім 1998 жылдан бұрын басталды. 16 жастан бастап, 10-сыныптан кейін жұмыс істедім. Сондықтан менде базалық зейнетақы, БЖЗҚ-дан жинақ және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемі бар", — деді министр.
Дегенмен, министр зейнетақының нақты сомасын есептемеген. Оның айтуынша, бәрі орташа деңгейдегі азаматтармен бірдей болар еді.
"Егер бүгін зейнетке шықсам, базалық зейнетақым — шамамен 32 мың теңге. Бұл — ең төменгі деңгей. Ал қазіргі таңда базалық зейнетақының орташа мөлшері — 47 мың теңге", — деді Жақыпова.
Еске сала кетейік, бұған дейін министрлік жұмыспен қамтуға бөлінген 70 млрд теңгені бюджетке қайтаружоспарланғанын хабарлаған болатын.

19 маусым 2025 ж. 288 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031