Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат Әйтімова зейнетақысы қанша екенін айтты

Депутат Әйтімова зейнетақысы қанша екенін айтты

 
Сенатор зейнетақым 100 мың теңгеден сәл ғана асады деп отыр
  Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
  "Таңғаларлығы, менің зейнетақым мемлекеттік қызметтте бір күн де істемеген достарымның зейнетақысымен бірдей. Біраз қызмет атқарғаныма қарамастан, зейнетақым 100 мың теңгеден сәл ғана асады. Мен зейнеткермін, менің зейнетақым бұрын гаражды басқарған адамның зейнетақысымен бірдей. Яғни бізде сот корпустары, әскери адамдар және құқық қорғаушылардан басқа, эксклюзивті зейнетақы жоқ", — деді Әйтімова сенатта БЖЗҚ басшылығымен өткен кездесуден кейін.
Осы орайда журналистер жуырда ғана Елбасының жарлығымен зейнетке шыққан ҚР президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбековтің зейнетақысы қанша деп сұрады.
  "Менікінен көп екеніне күмәнім бар. Егер тек оның қорғаныс министрі болғанын ескермесек", — деп күлді сенатор.
Бүгін Сенатта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне байланысты өткен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова елдегі орташа зейнетақының мөлшері туралы айтқан болатын.
  "Бізде қазір екі миллионнан астам зейнеткер бар. Бүгінгі таңда орташа зейнетақы базалық зейнетақыны қоса есептегенде, 81 мың теңгені құрайды. Ал жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді есепке алғанда, 115 мың теңгеден асады. Ең жоғарғы зейнетақы 126 мың теңгеге дейін жетеді", — деді Жақыпова.

https://sputniknews.kz
18 қыркүйек 2018 ж. 991 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930