Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткен жылы 526 млрд теңге бюджет қаражаты игерілмей қалды

Өткен жылы 526 млрд теңге бюджет қаражаты игерілмей қалды

Сенатта Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. 
Фото: freepik.com
Қаржы министрі Мәди Такиев өткен жылы бюджет шығыстары 23,6 трлн теңге болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бюджет шығыстары 98% орындалып,  23,6 трлн теңге болды. Игерілмеген қаражат – 526 млрд теңгені, оның ішінде Үкімет резерві мен басқа да үнемдеу 12 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, есепті кезеңде әлеуметтік маңызы бар бірқатар бағыттар қаржыландырылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтардың еңбекақысын көтеруге 93,8 млрд теңге бөлінді", – деді ведомство басшысы.
Бұдан басқа халықтың әлеуметтік осал топтағы 4 557 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
"3412,2 км сумен жабдықтау мен су бұру желілері салынды және реконструкцияланды, тағы 90,1 км жылумен жабдықтау желілері жөнделді. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде 2024 жылы халық саны 213 мың адамнан тұратын 62 елді мекен газбен жабдықталды.  "Ауыл – ел бесігі" шеңберіндегі 168 жобаны іске асыру бойынша шамамен 152 ауылдық елді мекен қамтылды. 2024 жылы 12 мың км жол салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді", – деді Мәди Такиев Сенаттың отырысында.
Айта кету керек, бұған дейін былтыр бюджетке 19,6 трлн теңге түскенін жазған болатынбыз.
19 маусым 2025 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30