Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қауіпсіздігі: Алматыда SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды

Бала қауіпсіздігі: Алматыда SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды

Бұл интернетке қауіпсіз және бақыланатын қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы балалар SIM-картасы. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 
Фото: freepik
Бұған дейін Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленгені хабарланған болатын.

— Осы бастама аясында Алматы қаласының прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп «SIM KIDS» пилоттық жобасын іске қосты. Бұл интернетке қауіпсіз және бақыланатын қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы балалар SIM-картасы. Карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді және дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді, — делінген прокуратура хабарламасында.
Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді.
Есіңізде болсын балалардың қауіпсіздігі қарапайым шешімдер мен ересектердің бейжай қарамауынан басталады. 
Айта кетелік 4 айдың ішінде балаларға қатысты 1 309 қылмыс тіркелген.

17 маусым 2025 ж. 274 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031