Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық әуе компаниялар қақтығыс жүріп жатқан аймақта ұшып жатыр

Қазақстандық әуе компаниялар қақтығыс жүріп жатқан аймақта ұшып жатыр

Фото: Mehr News Agency / Wikimedia Commons, CC BY 4.0.
Иран мен Израиль аумағында қарулы қақтығыстар жүріп жатқанына қарамастан, отандық әуе компанияларымыз осы елдердің әуе кеңістігін кесіп өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Иран мен Израиль арасындағы қатынастың ушығуына байланысты ҚР сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Бұл елдердегі Қазақстан елшіліктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге қарасақ, қазіргі уақытта Иранда – 132, ал Израильде – 219 Қазақстан азаматы бар. Дипломаттар отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан», – деді Смадияров.
Сонымен қатар ол Сыртқы істер министрлігінің ресми ескертуіне қарамастан, әуе компаниялар Таяу Шығыс бағыты бойынша ұшуларын жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ескертуіне қарамастан, соңғы екі күнде Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған рейстер толық жүктемемен ұшты», — деп атап өтті Смадияров.
Израиль Иранға жасаған әуе соққысымен Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі жағдайды одан әрі ушықтырды. Дегенмен бұл шабуыл Қазақстанға күтпеген экономикалық пайда әкелді.
16 маусым 2025 ж. 268 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031