Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық ұшақтар ескертулерге қарамастан Таяу Шығысқа ұшты - СІМ

Қазақстандық ұшақтар ескертулерге қарамастан Таяу Шығысқа ұшты - СІМ

Фото:depositphotos.com
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жанжал фонында қазақстандық әуекомпания рейстеріне қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Туризм және спорт министрлігінің өңірдегі бірқатар елдердің әуе кеңістігінде және оған жақын жерде ұшуға тыйым салынғаны туралы үндеуін еске алды. Бұл тізімге Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан кіреді.
"Туристерге жағдайдың дамуын мұқият бақылап, сапарды жоспарлау кезінде, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдерге барғанда, мүмкін болатын қауіп-қатерлерді ескеру ұсынылады. Қажет болған жағдайда қазақстандық туристерді елге қайтару "Туристік Қамқор" қоры және әуе компанияларымен бірлесе отырып қамтамасыз етіледі", – деді ол.
Алайда, Смадияров, мемлекеттік органдардың ескертуіне қарамастан, Қазақстаннан БАӘ бағытындағы ұшақтар толық жүктемемен ұшып жатқанын атап өтті.
"Мемлекеттік органдардың ескертуіне қарамастан, соңғы екі күнде Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағыт алған ұшақтар толық жүктемемен ұшты. Таяу Шығыс елдеріне сапар шеккен кезде барлық қауіп-қатерді мұқият саралап, ойланып шешім қабылдауға шақырамыз", – деді СІМ ресми өкілі.
Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі Туризм және спорт министрлігімен, "Туристік Қамқор" қорымен және әуе тасымалдаушылармен бірлесіп, шетелдегі Қазақстан азаматтарына көмек көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіріп жатыр.
16 маусым 2025 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30