Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 132 қазақстандық Иранда, 219-ы Израильде қалды - СІМ

132 қазақстандық Иранда, 219-ы Израильде қалды - СІМ

Фото: zhasalash.kz
СІМ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қазақстанның елшіліктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
- Қолда бар мәлімет бойынша, қазіргі уақытта Иранда 132, ал Израильде 219 Қазақстан азаматы бар. Дипломаттар отандастарымызбен тұрақты байланыста, - деді Айбек Смадияров.
Соңғы күндері бірнеше ондаған қазақстандық дипломаттардың көмегімен Ираннан шыға алды. 14 маусымда алты адам Әзербайжан арқылы, 15 маусымда тағы 68 адам Түрікменстан арқылы елге оралды. Олардың арасында дипломаттар, олардың отбасы мүшелері және іссапармен жүрген азаматтар бар.
Алайда рейстердің тоқтатылуына байланысты шамамен 300 қазақстандық Ираннан әлі шыға алмай отыр — олардың басым бөлігі туристер. Олардың жартысынан астамын жақын күндері елге қайтару жоспарланып отыр.
Айбек Смадияров сондай-ақ, шектеулерге қарамастан, БАӘ бағытындағы рейстердің толық жүктемемен ұшып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты азаматтарға сақ болуды ескертті.
– Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, ресми ақпарат көздерінен жаңалықтарды қадағалауға және жергілікті билік органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындауға шақырамыз, - деп ескертті СІМ ресми өкілі.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.
16 маусым 2025 ж. 285 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 125

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 80

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 39

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031