Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа лизинг бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанда жаңа лизинг бағдарламасы іске қосылды

«ҚазАгроҚаржы» лизинг бағдарламасы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Фото: gov.kz
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ өз қаражаты есебінен жаңа лизинг бағдарламасын нарыққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарлама қажеттіліктері қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалардан асып түсетін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бағытталған. Жаңа өнім шаруаларға қазір қолжетімді.

Бағдарлама «Бәйтерек» холдингінің еншілес компанияларды қаржыландыру бағдарламалары бойынша мөлшерлемелерді біріздендіру жөніндегі жаңа стратегиясының шеңберінде әзірленді және жылдық 12,6% мөлшерлемені, 10 жылға дейінгі лизинг мерзімін және 15%-дан басталатын авансты көздейді. Қаржыландыру тек компанияның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл өнімді ағымдағы сұраныс жағдайында ұзақмерзімді инвестициялық ресурстарға өте икемді етпек.

«Жаңа бағдарлама – нарық сұранысына біздің стратегиялық жауабымыз. Жеңілдетілген механизмдерден қалыс қалған бағыттар мен техника түрлері жетерлік. Оларды қаржыландыруға да қажеттілік сақталып отыр. Өз ресурстарымызды пайдалана отырып, біз мемлекеттік бағдарламалардан тыс қалғандар үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашып отырмыз. Бұл жеңілдетілген шешімдерге балама емес, оларды логикалық және дер кезінде толықтыру», – деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Осылайша, бағдарлама шеңберінде 2025 жылы АӨК субъектілерінің кең ауқымын қамти отыра, 20 млрд теңге шамасында қаржыландыру жоспарланып отыр.

Жаңа өніммен қатар, «ҚазАгроҚаржы» отандық техниканы жылдық 5%-бен лизингке берудің флагмандық жеңілдетілген бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. 2025 жылы оған 200 млрд теңге бөлінді, қазірдің өзінде 76 млрд теңге сомасына 4 мыңнан астам техника сатып алу қаржыландырылды. Сондай-ақ «Қазақстанда жасалған», 6%-бен «Жеңілдетілген лизинг», «Өз жемшөбіміз» бағдарламалары да қолданыста, осы бағдарламалар бойынша қаржыландыру 18,5 млрд теңге көлемінде деп болжанған.
16 маусым 2025 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30