Қандай бюджеттік несиелер өндіріп алуға үмітсіз деп танылады

Қағидалар республикалық және жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша берешекке қатысты қолданылады.
Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді орындауға берілген қаражат бойынша өндіріп алуға үмітсіз берешек ( бюджеттік кредиттер бойынша үмітсіз берешек) – 2005 жылға дейін республикалық және жергілікті бюджеттерден берілген бюджеттік кредиттер бойынша қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), түпкілікті қарыз алушылардың мерзімі өткен, белгіленген мерзімдерде өтелмеген берешегі.
Бюджеттік кредиттер бойынша үмітсіз берешекке бюджеттік кредиттер беру туралы растайтын құжаттары (кредиттік шарттар, төлем құжаттары, қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), түпкілікті қарыз алушылардың деректемелері) жоқ берешек жатады.
Бюджеттік кредиттер бойынша үмітсіз берешек негізгі борыш, ол бойынша сыйақы және өсімпұл бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер алдындағы мерзімі өткен берешекті қамтиды (әрі қарай – бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешек).
Банкроттық және тарату сатысындағы қарыз алушылардың бюджеттік кредиті бойынша берешегі үмітсіз берешекке енгізілмейді.
Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп айқындау тәртібі
Мемлекеттік қазынашылық осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша растайтын құжаттары жоқ бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешек тізілімін ( Тізілім) жыл сайын ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей қалыптастырады.
Тізілім мынадай ақпаратты қамтиды:
- қарыз алушылардың/ сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің)/түпкілікті қарыз алушылардың атауы;
- қарыз алушылардың/түпкілікті қарыз алушылардың салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
- кредиттік шарттың нөмірі мен күні;
- кредит валютасы;
- кредит сомасы;
- кредитті өтеу мерзімі;
- 2025 жылдың 1 қаңтарына мерзімі өткен берешек.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган алынған Тізілім негізінде жыл сайын ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін Тізілімде көрсетілген қарыз алушыларға қатысты 1990 жылғы 1 қаңтардан 1995 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде берілген бюджеттік кредиттерді аудару туралы төлем тапсырмаларының көшірмелерін беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ( Ұлттық Банк) және жергілікті атқарушы органдарға сұрау салу жолдайды.
Ұлттық банк және жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға төлем тапсырмаларының көшірмелерінің болуы/ болмауы туралы ақпаратты ұсынады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Тізілімде көрсетілген қарыз алушылардың белгіленген мерзімдерде мерзімі өткен өтелмеген берешегі туралы жаңа мәліметтерді белгіленген кезде Ұлттық банкке және жергілікті атқарушы органдарға қосымша сұрау салу жібереді.