Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттар іске қосылмақ

Еліміздің ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттар іске қосылмақ

Фото: Aircoach
Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежай және қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, заңсыз такси қызметтері – ел ішінде кең тараған мәселе.
“Халықаралық әуежайларда QR код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды SIM-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуға тиіс”, – дейді министр.
Министрдің сөзінше, елде ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынамайды. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда енді такси жүргізушісі, жолаушы және маршрут деректері тіркелетінітуралы жазған едік.
11 маусым 2025 ж. 223 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930