Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада “Диснейленд” салына ма?

Астанада “Диснейленд” салына ма?

Фото: pegassales.kz
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Астанада "Диснейленд" салу жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дәл "Диснейленд" болады деп айту қиын, бірақ қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жобалар ішінде Астанада туристік квартал бар. Бұл — ауқымды кешен, оның ішінде ірі ойын-сауық паркі де қарастырылған, – деді Еркінбаев үкіметтегі брифинг барысында.

Жаңа ойын-сауық паркі “Барыс Арена” спорт кешенінің артында орналасады. Оның ашылуы 2027 жылға жоспарланған.

Жобаға шетелдік инвестор қаржы құйып отыр. Ол біздің елордаға сенім білдіріп, жобаны іске асыруды бастап кетті. Бұл өте үлкен кешен: тек ойын-сауық орталығы ғана емес, ірі сауда орталығы, халықаралық деңгейдегі қонақүй де болады. Бұл кешен Астананың басты туристік нүктелерінің біріне айналады деп сенеміз, – деді вице-министр.

Айта кетейік, "Қазақстанда “Диснейленд” салынады екен" деген сөз ұзақ уақыттан бері айтылып келеді.
08 сәуір 2025 ж. 248 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930