Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Судың да сұрауы бар". Қымбатшылық суға да жетті

"Судың да сұрауы бар". Қымбатшылық суға да жетті

Қазақстанда ауыз су бағасы қымбаттайтын болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы "Қазсуашар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мәлім етті. Кәсіпорынның пайдалану әрі автоматтандыру жөніндегі бас директорының орынбасары Ербол Салихбаевтың айтуынша, республикада су арналарының 3440 жүйесі бар. Су шаруашылықтарға осы жүйелер арқылы жеткізіледі. Бір кездері су құбырлары жүйелері коммуналдық меншікте болған, сондықтан олардың көпшілігі қазіргі су тарифіне кірмеген.

Олардың қызметін іске асыруға қазіргі тариф бойынша қаржыландыру көзделмеген. Осыған байланысты биыл біз өз ұсыныстарымызды тиісті мемлекеттік органдарға жібереміз. Келесі жылы суға әділ тариф бекітіледі деп ойлаймыз, – дейді Ербол Салихбаев.

Оның айтуынша, су саласы мамандарының жалақысын көтеру мәселесі күн тәртібінде тұр. Бүгінде олардың орташа еңбекақысы 90 мың теңгеден аспайды. Су саласының қызметкерлері — елдегі ең төмен жалақы алатындардың бірі. Сондықтан, егер біз мәселені тарифтер арқылы шешпесек, басқа жол жоқ, себебі біз мемлекеттен қаржы алмаймыз, – дейді директордың орынбасары.
Бұған дейін елде пияздың қымбаттайтынын жазғанбыз.
25 қаңтар 2023 ж. 348 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930