Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Этна вулканы қайта оянды – таңғаларлық кадрлар жарияланды

Этна вулканы қайта оянды – таңғаларлық кадрлар жарияланды

Италияның Сицилия аралында Еуропадағы ең биік әрі белсенді Этна вулканының кезекті күшті атқылауы болды.
2 маусым күні Этнадан қызған лава атқылап, көкке қою күл мен түтін бағандары көтерілді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Этна вулканы қайта оянды – таңғаларлық кадрлар жарияландыФотолар: tsn.ua

Францияның Тулуза қаласындағы Вулкандық күл бойынша кеңес беру орталығы ұшу қауіпсіздігіне байланысты қызыл деңгейлі ескерту жариялады. Алайда көп ұзамай бұл деңгей қызғылт сарыға төмендетілді.
Италияның Геофизика және вулканология ұлттық институтының (INGV) дерегінше, соңғы сағаттарда Этнада әлсіз сілкіністер байқалып, артынша олар үздіксіз күшейіп келе жатқан жанартаулық жарылыстарға ұласқан. Ғалымдар бірнеше сағат бұрын қарқындылығы артып келе жатқан бірнеше жарылысты тіркеген.
Қазіргі таңда жанартаудың нақты қаншалықты ауқымды атқылағаны белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, күл мен лаваның таралуы айтарлықтай зиян келтірмеген.
Мамандар жер сілкінісі белгілеріне қарап, жарылыс Этнаның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, диаметрі 200 метрлік негізгі кратер маңында болғанын айтады.
Туристерге лава ағындарынан алыс жүру туралы ескерту жасалды.
Анықтама:
Этна — әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі. Сондықтан оның жиі атқылауы қалыпты құбылыс саналады. Көп жағдайда жанартаудың атқылауы үлкен апатқа немесе адам шығынына алып келмейді.
Этнада 200-ден 400-ге дейін вулкандық кратер бар. Әрбір 3 ай сайын солардың бірінен лава атқылауы мүмкін. Жанартаудың биіктігі 3326-дан 3350 метрге дейін жетеді, бұл көрсеткіш әр атқылаудан кейін өзгеріп отырады.
Этнаның соңғы елеулі белсенділігі 2025 жылғы ақпанда тіркелген. Ол кезде көкке көтерілген күл бұлттары салдарынан Сицилиядағы Катания әуежайы ондаған рейсті басқа қалаға бағыттауға мәжбүр болған.
Тарихтағы ең жойқын атқылау 1669 жылы орын алған. Онда 14 ауыл мен қала лаваның астында қалып, жер сілкінісімен бірге бірнеше апатты тудырған. Тарихи деректерге сүйенсек, апат салдарынан 20 000 адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалған.
08 маусым 2025 ж. 147 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30