Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резерві – жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құруға бағытталған жоба. 1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысу үшін pkrezerv.gov.kz сайтында құжаттарды қабылдау басталды. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
Экономикалық және қаржылық саясат;
Цифрландыру;
Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
Сыртқы саясат және инвестициялар.
Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Құзыреттерді бағалау;
Сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
Ұлттық комиссияның отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.

Фото: newqazaq.kz
03 маусым 2025 ж. 191 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 146

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 138

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930