Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу қалай өтеді?
Өтініштер 1 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында қабылданады.
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істегісі келетін жастар үшін Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу өтіп жатыр.
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істегісі келетін жастар үшін Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу өтіп жатыр.
Биыл іріктеу 6 бағыт бойынша жүргізіледі:
- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
- Сыртқы саясат және инвестициялар;
- Экономикалық және қаржылық саясат;
- Цифрландыру;
- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам
Іріктеу кезеңдері:
- 1-30 қыркүйек аралығында құжаттарды қабылдау;
- 1 қазан – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- 7 қазан – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- 10 қазан – ситуациялық тапсырмаларды шешу;
- 19-24 қазан – құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
- 20-24 қараша – құзыреттерді бағалау бойынша сұхбат (HR-сұхбат);
- 1-8 желтоқсан – сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- 22 желтоқсанға дейін – Ұлттық комиссия отырысы.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар желтоқсан айында жарияланады.
Өтінішті pkrezerv.gov.kz сайтынан беруге болады.