ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ХҚКО "ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНКҮНДІГІНЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы "Қазақстан балалары" ауқымды республикалық акциясына белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
Онкүндіктің “Кибер Тұмар” күні аясында балаларға цифрлық сауаттылықтың негіздері жөнінде ақпарат беріліп, заманауи цифрлық сервистермен таныстырылды. Сонымен қатар, цифрлық ортада қауіпсіз әрі саналы мінез-құлықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары балаларға қызмет көрсету кезінде қолданылатын заманауи цифрлық технологиялар туралы айтып берді. Сондай-ақ, балалар электронды сервистермен танысып, ол арқылы мемлекетпен қалай оңай және тиімді байланыс орнатуға болатынын білді.
Танымдық шарада цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Балалар жеке деректерді қалай қорғау керектігі және интернетте қауіпсіз жұмыс істеу үшін сенімді құпия сөздерді пайдалану неліктен маңызды екендігін ұғынды.
Бағдарлама аясында кішкентай қонақтар үшін қызықты шоу-бағдарламалар әзірленді. Көңілді аниматорлар, шығармашылық шеберлік сыныптары, түрлі ойындар мен конкурстар — мұның бәрі балалардың қуанышын еселей түсті. Тіпті, тәтті тағамдар мен дәмділер де дастарханнан орын алды.