Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп ЕО тауарларына 50% баж салығын енгізуді кейінге қалдырды

Трамп ЕО тауарларына 50% баж салығын енгізуді кейінге қалдырды

Фото: AP Photo / Evan Vucci
АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық Одақ елдерінен келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізу мерзімін 1 маусымнан 2025 жылғы 9 шілдеге ауыстыруға келісті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды
BAQ.KZ.

Трамптың айтуынша, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен оған телефон шалып, баж салығын енгізуді кейінге шегеруді сұраған. Әңгіме барысында фон дер Лейен Вашингтон мен Брюссель арасындағы сауда келіссөздерінің таяу арада басталатынына сендірген.

Журналистерге берген жауабында Трамп бұл қоңырауды "өте жағымды" деп атап өтті. Ол сондай-ақ егер еуропалық компаниялар өз өнімдерін АҚШ аумағында өндірсе, онда баж салығын төлеу қажеттілігі болмайтынын еске салды.

Бұған дейін Трамп Еуропалық Одақпен сауда келіссөздерінің күрделі екенін алға тартып, 1 маусымнан бастап ЕО экспортына 50% баж енгізу жоспарын жариялаған болатын. Оның айтуынша, АҚШ пен ЕО арасындағы сауда тапшылығы 250 миллиард долларға жетіп отыр, бұл Америка үшін қолайсыз жағдай. Трамп ЕО-ның құрылу мақсатының бірі — АҚШ-пен саудада артықшылыққа ие болу болғанын да сынға алды.
27 мамыр 2025 ж. 968 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031