Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадағы аялдамада жер опырылып, қала тұрғыны зардап шекті

Астанадағы аялдамада жер опырылып, қала тұрғыны зардап шекті

Фото: t.me/astanovka98
Оқыс оқиға Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі «Қобыз» сарайының маңындағы аялдамада болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмектің көрсетілгенін мәлімдеді.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында алғашқы көмек көрсетті. Алайда, пациент ауруханаға жатудан бас тартты», делінген хабарламада.

Жергілікті инфрақұрылымға жауапты «Астана су арнасы» мекемесі де жағдайға түсініктеме берген. Олар 26 мамырда D-1000 мм диаметрлі кәріз коллекторы маңында жер қабаты шөгіп, ойық пайда болғанын хабарлады.

«Ойықтың түбінде су жиналып қалған. Оқиға орнына біздің мамандар жедел жетіп, қауіпсіздік шараларын қолға алды. Қазір техникалық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр», деді мекеме өкілдері.
26 мамыр 2025 ж. 261 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031