Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыңғырла, соңғы қоңырау

Сыңғырла, соңғы қоңырау

Тағы да бiр оқу жылы аяқталып, елiмiздегi бiлiм ұяларында соңғы қоңыраудың сыңғыры естілді. Түлектер ұшқан ұя – мектебiндегi қызығы мен шыжығы мол сәттердi көз алдынан соңғы рет парақтады. Жаңа өмiр, жаңа баспалдақ…
Кеше ғана тарыдай боп кiрiп, бүгiн таудай боп шыққан қарлығаштардың алдында әлi талай асу бар. Мектеп бiтiрушiлердi күтiп тұрған асудың алғашқы баспалдағы – ҰБТ-дан сүрiнбей өтiп, өзi қалаған жоғару оқу орнына түсу. Мiне, бүгiн осы сындарлы сағатты елiмiздiң барлық аймағындағы бiтiрушiлер тағатсыздана күтуде.
Биылғы оқу жылы – мектеп бітіруші түлектер үшін де ерекше. Аудан бойынша 944 бітіруші түлек үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Ал ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірген оқушы саны – 859. Оқу жылының қорытындысы бойынша 11-сыныптардан 109 оқушы –"Алтын белгіге", 105-і – "Үздік аттестатқа" үміткер. Ал 9-сыныпты тәмәмдайтын оқушылардың 241-і негізгі орта білім туралы "Үздік аттестат" алуға ниетті. Мұндай деректер аудан мектептерінің білім сапасын, шәкірттердің білімге деген ынта-жігерін дәлелдей түседі.
Сыңғырлаған соңғы қоңырау үнінен кейін әр түлек өз бағытына бет алады. Бірі – арманына, бірі – алда күткен жауапкершілікке қарай. Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиенің салмағы енді шынайы өмірде сыналады. Қанша қиындық кезіксе де, жүректе сенім, бойда білім, ойда мақсат болса – жол ашық. Арманға қол созып, ата-ана мен ұстаздың үмітін арқалаған түлектерге ақ жол!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
24 мамыр 2025 ж. 669 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031