Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»

«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»

Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрында ұлы жазушы Ш.Айтматов повесі желісімен жазылған «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектаклінің алдын ала көрсетілімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қойылымды сахналаған белгілі режиссер Талғат Теменов. Шығармаға бір отбасының басына түскен қиындық арқау болады. Теңізге шыққан олар дауылға тап болып, өмір мен өлімнің таразасына түсіп қалады.

Ұрпағының амандығын ойлаған дана қарт шөл қысқанына қарамастан бір ұрттам суды аузына алмай, ұрпағын аман сақтап қалу үшін қараңғы түнде суға секіріп кетеді. Ақсақалдың екі ұлы да судан татып алмады. Тіршілік тынысы немереге бұйырады.

Ұрпақ жалғастығын дәріптеген Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалаған тарғыл төбет» повесі ұлы шығармалардың бірі әрі бірегейі. Өйткені бұл құнды дүние болашақ ұрпақ үшін жасалған дүние. Спектакль кез келген көрерменге ой салады. Себебі мұнда ертеңгі күннен үмітті жоғалтпау, адамды сүюдің ең тамаша үлгісі бар.

Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов:

«Жалпы Айтматов әлем әдебиетіндегі ең ойшыл жазушының бірі. Сондықтан бұл шығарма көп театрларда қойылмайды. Себебі сахналық қойылымы өте күрделі. Соған қарамастан біз Серке Қожамқұлов атындағы театрға осы қойылымды әкелдік. Бұл театрда үлкен әртістер бар. Соның бірі Қазақстанның Халық әртісі Досжан Жанботаев. Осы театрға көптен бері көп үлкен режиссерлар келмеген. Сондықтан осы туындының сахналануы жергілікті театр әртістері, талантты жастар үшін үлкен мектеп десе болады. Нақтырақ айтқанда Айтматовтың академиясынан өту әртістер үшін үлкен мүмкіндік», дейді.

Қойылымда театрдың әртістерінен басқа жергілікті колледж студенттері, мектеп оқушылары да ойнайды. Балаларды сахнада ойнату қиын болса да режиссер Талғат Теменов осы салмақты өз мойнына алған.

Спектакльдің премьерасы мамыр айының 27 күні шымылдығын ашады.
22 мамыр 2025 ж. 323 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930