Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық театр – Ұлытауда

Ұлттық театр – Ұлытауда

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сәуір айының 12-15 күні аралығында Ұлытау облысына гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлік брифингте М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, театр директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, театр режиссері Елік Нұрсұлтан, осы театрдың әртістері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Зәуре Көпжасарова тікелей эфирде БАҚ өкілдері мен көрерменнің сұрағына жауап берді.
Сәуірдің 12 күні Жезқазған қаласындағы Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық драма театрында салтанатты ашылуы болды. Алатаудың бауырынан келген өнер ұжымына облыс әкімінің құттықтау хаты, кәдесый және ықылас гүлі тарту етілді.
Алғашқы күні Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы болды.  Режиссері Ә.Рахимов.
Сәуірдің 13 күні Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасын қойды. Режиссері Е.Нұрсұлтан. 
Алдағы уақытта И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» /режиссері Е.Обаев, Т.Аралбай/  мюзикл, Ж. Ерғалиевтің «Қас қағым» метафизикалық трагедиясы және «Сезім хаттары» атты ұжым ұйымдастырған қойылым көрерменге ұсынылады.
Ұлытау облысы



14 сәуір 2025 ж. 132 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930