Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде балаларды қорғау күніне орай қандай шаралар өтеді

Елімізде балаларды қорғау күніне орай қандай шаралар өтеді

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Оқу-ағарту министрлігі 22–30 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл бұл бастама «Қазақстан балалары» деген ортақ ұранмен өтеді. Бүкіл республика бойынша барлық ауыл, аудан және қала бұл мерекелік бастамаға белсене қатысады. Іс-шаралар балаларды елдің мәдени, білім беру және қоғамдық өміріне кеңінен тартуға бағытталады.

Аталған іс-шаралар Оқу-ағарту министрлігі тиісті мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылып жатыр.

Мереке күндері облыс, қала және аудан әкімдері балалармен кездеседі. Бұл кездесулерде балалар ұсыныстарымен, арман-мақсаттарымен бөлісе алады. Сонымен қатар осы күндері жаңа білім беру нысандарын ашу жоспарланып отыр. Театрлар, мұражайлар, саябақтар мен кинотеатрларға тегін немесе жеңілдікпен бару мүмкіндігі қарастырылған. Оған қоса, балаларға қолдау көрсетуге бағытталған өңірлік қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.
22 мамыр 2025 ж. 507 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031