Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Блогерлердің жарнамасына сенген": Астанада танымал оқу орталығы төңірегінде шу шықты (видео)

"Блогерлердің жарнамасына сенген": Астанада танымал оқу орталығы төңірегінде шу шықты (видео)



Астанада белгілі оқу орталығы төңірегінде жанжал шықты. Мектеп оқушыларының ата-анасы балаларының оқуы үшін қомақты қаражат төлегенімен, орталық кенет жабылып қалған, деп хабарлайды
"КТК" телеарнасы.


Астаналық 200-ден астам оқушының әке-шешесі ғаламтордағы блогерлердің жарнамасына нанып, бар тапқан-таянғанын орталық әкімшісіне санап берген.

"Қараша айының аяғында осы орталыққа келдік, Instagram арқылы. Блогерлердің жарнамасы күшті болды. Бірінші баламызға 1 800 мың деді, жеңілдік берді. Одан да қымбат екен. Бірақ дәл қазір төлейтін болсаңыз, банк арқылы бөліп төлеңіз деді. Сосын екінші ұлым оныншы сыныпта оқып жатыр. Оған 1 600 мың жеңілдік береміз деді", - дейді тұрғын Айнагүл Нұрмағамбетова.

Мұндағылар жарнамаға сенген қарашаны одан әрі қызықтыру үшін оқу ақысын бөліп төлеу мүмкіндігін де ұсынған. Ал бір үйден екі бала келсе, тіпті 2 миллиондық оқу ақысы 700-800 мың теңгеге бір-ақ қысқарыпты. Бір шикіліктің барын ата-аналар мұғалімдердің жиі ауысқанынан барып сезеді.

"Қаңтарда оқу басталды. Бір-екі айдан кейін бе, наурызда сондай сыбыс шыға бастады, "мұғалімдер сабаққа шықпай жатыр", "ауысып жатыр", "жалақы төлемей жатыр" деген. Жақында чатта видео жібергенде, ата-аналар Алматыда филиал жабылып қалды деді", - дейді өзге тұрғын Мұғайда Ахметғали.

"Балаңыз ағылшын тілін шемішкедей шағып, деңгейін TOEFL мен IELTS-ке жеткіземіз" деген уәде орындалмағанын айтқан ата-аналар түгел полицияға шағым жазды.

"Азаматтардың ұжыммен жазған өтініші негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуде оқу орталығына білім алу үшін төлем жасаған ата-аналар уәде етілген оқу қызметін алмағаны анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді Астана қаласы, Есіл ауданы ПБ бастығының орынбасары Ержан Құрақбаев.

Қазір оқу орталығының есігі тарс жабық, мөрленген. Ал шамамен үш-төрт күн бұрын "Ғасыр" орталығының әкімшілігі көшіп кетіпті. Ал ата-аналар төменгі қабаттан кері қайтуына мәжбүр. Орталықтың сайтында көрсеткен нөмірмен байланысу қазір мүмкін емес. Ал алданған ата-анаға құзырлылардан бір жауап болмағанша, алған несиесін кешіктірмей төлеуден басқа амал жоқ.
20 мамыр 2025 ж. 162 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930