Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыра мен шарап жарнамасына рұқсат беріле ме?

Сыра мен шарап жарнамасына рұқсат беріле ме?

Қазақстанда сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек. Бұл туралы БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бақнияз Қарашина айтты

Департамент басшысының айтуынша, мұндай жарнамаларда алкоголь өнімдерін шамадан тыс ішудің зияны туралы міндетті ескертуі болады. Сонымен қатар, телеарналар үшін мұндай жарнама сағат 22-00-ден 06-00-ге дейін ғана рұқсат етіледі. 
«Заң жобасында Қазақстан аумағында шығарылған сыра мен шараптың тауарлық белгісі мен атауына жарнама жасауға тыйымды алу тастау ұсынылады. Бұл Интернет желісі мен шетелдік кабельдік телеарналарды мұндай жарнаманың орналастыруымен, ал қазақстандық БАҚ бұл кірісі көзінен айрылып отырғанымен байланысты. Бұл сусындардың жарнамасы газеттердің бірінші және соңғы беттеріне, журналдардың мұқабасына жарияланбауы тиіс», - деді Бақнияз Қарашина. 
Жалпы заң жобасы аясында 5 негізгі норманы енгізу көзделіп отыр. 
«Бірінші – отандық баспасөз, БАҚ үшін салықтық жеңілдіктер. Екінші – мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құру. Үшінші – отандық БАҚ-та сыра мен шараптың сауда белгісіне немесе атауына жарнама жасауға тыйымды алу тастау. Төртінші - мемлекеттік қатысы бар телерадиоарналар үшін хабар тарату тілін анықтауда өкілетті органның құзіретін бекіту. Соңғысы – ақпаратқа қолжетімділік туралы заңнаманы жетілдіру», - деді ол Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің отырысында. 
Оның айтуынша, газет пен журналдар үшін 2021 жылдан бастап 10 жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен қосылған құн салығын енгізу көзделеді. Мұндай жеңілдік басылымның онлайн-нұсқасы болған кезде ғана ұсынылады. 
    
27 қыркүйек 2019 ж. 806 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 66

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031