Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Фото:Көкпар федерациясы
Алматы облысында көкпардан жастар арасындағы ҚР ХІХ чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды
BAQ.KZ

Финалдық ойында Жамбыл облысы мен Шымкент қаласының жастар құрамасы алтынды сарапқа салды.

Әр өңірдің жанкүйерлері жиналып, жас көкпаршыларға қолдау білдірді. Америка Құрама штаттарынан келген қонақтар да көрермендер қатарынан табылды.

Айта кетерлігі, ел біріншілігіне 13 команда, 156 спортшы қатысты. Ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Тартысқа толы финалда Жамбыл облысының көкпаршысы Арнұр Асен «алтын салым» салып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, Жамбыл облысы Қазақстан чемпионы атанса, Шымкент қаласы күміс жүлде иеленді. Ал Алматы облысы қола жүлдеге ие болды.

Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Алғашқы ойында былтыр ел чемпионы атанған Түркістан облысын жеңдік. Финалда қарсылас болған Шымкент қаласының құрама командасы өте керемет дайындалған екен. Тартысқа толы ойын «алтын салымға» ұласты. Бабымызбен бағымыз қатар келіп чемпион атандық. Балалар да намысқа тырысып, аянып қалмады. Арнайы көкпарға дайындалған аттар өз позициясын жақсы орындап шықты, - деді «Әулие ата» командасының жаттықтырушысы Құрманбай Сәрсенбекұлы.

Алматы облысы сапында өнер көрсеткен 18 жастағы Нұржігіт Пермебай 15 салым салып, чемпионаттың үздік ойыншысы атанды.

Үш жылдан бері Алматы облысының намысын қорғап жүрмін. Жартылай финалда дайындық аз болып қалуына байланысты Жамбыл облысына есе жібердік. Қола жүлде үшін Атырау облысына қарсы өткен тартысты ойында бес салым салдым, - деді Нұржігіт Пермебай.

Алғаш рет ел чемпионатында жақсы өнер көрсеткен ат иелері де марапатталды.

Алматы облысы командасының сапында ойнаған Хадия атты ат «Үздік қорғаушы ат» атанды. Иесі – Елдос Тлебалдиев. «Үздік шабуылшы ат» номинациясына Шымкент қаласының құрамында өнер көрсеткен Жарқынбек Нұрболдың Ахилес атты аты ие болды. Жамбыл облысы сапында өнер көрсеткен Нұрдаулет Момыновтың Көкдауыл аты «Үздік жекпе-жек ат» деп танылды.

Жүлдегерлер мен үздіктерді Республикалық Көкпар федерациясының президенті, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров марапаттады. Ол ел біріншілігінде келешекте ұлттық құрама сапына қосылып, ел намысын қорғайтын спортшылар бақ сынағанын айтты.

Көкпар осы жастарымыздан басталады. Бүгін мықтылар жеңіске жетті. Бұрын-соңды жастар арасындағы жарыстарда мұндай жүлде қоры болмаған. Осы чемпионатта алғаш рет командаларға әр жеңісі үшін ақшалай сыйлық бердік. Ат иелерін де атап өттік. Жылына үш-төрт жарыс өткен соң жылқылар жаттықпай, шабандоздар тұрып қалады. Алда осындай жарыстар көптеп өткіземіз, - деді Айдарбек Қожаназаров.

Республикалық Көкпар федерациясының атқарушы директоры Ғани Дүйшенов Чемпионатқа 16 команда қатысуға өтініш бергенімен үш команда жарысқа келмегенін айтты. Ал Ұлытау облысының командасы аттары дайын болмауына байланысты топтық кезеңнен шыға алмай қалды.

Жақсы дайындықпен келген командалар жеңіс тұғырынан көрінді. Кейбір командалар дайындықсыз келіп, чемпионатқа толық қатыса алмады. Бұл чемпионатта футболдағыдай VAR және табло жүйесін енгіздік. Одан бөлек арнайы номинациялар әзірлеп, аттың иелерін де марапаттадық. Жарыс барынша әділ өтуі үшін төрешілерді жан-жақтан жинап, өздері келген өңірлердің командалары ойнағанда төрелік жасамауын қадағаладық, - деді Ғани Дүйшенов.

Чемпионаттың бас төрешісі Жанысбек Саев жарыс жоғары деңгейде өткенін айтып, жас көкпаршылардың аяқ алысына баға берді.

Ең бастысы, жарақатсыз аман-есен өтті. Қызықты, тартысты ойындар болды. Әр командада мықты балалар бар. Жамбыл облысынан Арнұр Асен, Шымкент қаласынан Жанболат Ақбай, Алматы облысынан Нұржігіт Пермебай, Түркістан облысынан Нұрдәулет Төлешов ерекше көзге түсті. Бұл чемпионатта соңғы орын алған командаларға да сыйақы беріліп, үздік ойыншы мен жақсы өнер көрсеткен ат иелері марапатсыз қалмады, - деді ол.



19 мамыр 2025 ж. 321 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031