ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Онда Солтүстік Арал теңізін ұлғайтуға бағытталған жобаны бірлесіп іске асыру барысы талқыланды.
– «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасы біз үшін өте маңызды. Осы жобаға қолдау білдіргендеріңіз үшін облыс халқының атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.
Мемлекет басшысы 2019 жылы облысқа жасаған жұмыс сапарында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңін іске асыруды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, Дүниежүзілік Банк бөлген 1 млн. 500 мың АҚШ доллары қайтарымсыз гранты есебінен жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.
Өздеріңізге белгілі, Солтүстік Аралдың аумағын ұлғайтудың нұсқалары (бір деңгейлі, екі деңгейлі) бойынша келіспеушілікке байланысты жұмыс бүгінгі күнге дейін созылып келді. Министрліктің нәтижелі жұмыстарының арқасында Арал теңізіне жіберілген су көлемі едәуір ұлғайып, 2022 жылмен салыстырғанда 24 млрд. 300 млн. текше метрге жетіп, 5 млрд. 800 млн. текше метрге көбейді. 2022 жылы теңіздегі су көлемі 18,5 млрд.текше метр болған еді.
Солтүстік Арал теңізін ұлғайтуға бағытталған жобаны бірлесіп іске асыруға шақырамын», – деді Н. Нәлібаев.
Кездесу барысында Нагиб Вахба Самех бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
«Арал дағдарысы» – Арал теңізі бассейнінде өмір сүретін 35 млн. адамға әсерін тигізген адамзат тарихындағы аса ірі экологиялық зардаптың бірі. Теңізді құтқару бастамасы халықаралық деңгейде қолға алынбағанда ХХІ ғасырдың басында Арал теңізі бүтіндей жойылар еді.
Қазақстан Үкіметі ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) туралы тарихи шешім қабылдады. Аталған жобаны жүзеге асыруға Дүниежүзілік Банк 64 млн. АҚШ долларын бөліп, ауқымды жұмыс жүргізілді. Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалумен бірге, өңірдің экологиялық және экономикалық жағдайы едәуір жақсарды.
Сонымен қатар, 2019-2024 жылдары Жалағаш ауданында Дүниежүзілік Банктің 3 млрд. 400 млн. теңгеге қаржыландыруымен, «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасымен 15 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілді. Одан бөлек, өткен жылы Қазалы ауданында 440 млн. теңгеге аумағы 33,5 гектар тұқымбақ пайдалануға берілді.
Сыр еліне жұмыс сапарымен келген қонақтар «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы шеңберінде атқарылған жұмыспен және «Aral sea food» ЖШС-ның балық өңдеу зауытымен танысады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі