Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

Қырманның басында таңмен таласа атқан тірлік қайнап жатыр. Қат-қабат қимыл ұштасып, екпін де еселенуде. Қарбаласқан қарқынмен қатар алтын алқапқа алғашқы дән себілуде.
Білектілердің жүрегі еңбекке жақын. Маңдайдан ащы тер шыққан сайын мол астық өсіруге ниетті.
Елдің табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамның еңбекпен біте қайнасу қабілетінде. «Еңбегіне қарай өнбегі» деген тәмсіл соны аңғартады емес пе? Әр мезгілдің өзіне сай ерекшелігі болса, көктем – тырбанатын, диқанның жер тырнап бейнеті басталатын шақ.
Жақында ауданда алқапқа алғашқы дән себілді. Егін даласындағы іс-шара Ақтан батыр ауылындағы «Береке» шаруашылығының егіс алқабында өтті. Онда аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, шаруашылық құрылым басшылары, ауылдық округ әкімдері және еңбек ардагерлерімен бірге ақсақалдар батасын беріп, алқапқа алғашқы дән сеуіп, диқандарға сәттілік тіледі.
Одан соң аудан әкімінің төрағалығымен «Дала күні» семинар-кеңесі өтті. Онда аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов көктемгі егіске дайындық барысы туралы баяндады. Ал «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Нұрлан Әбілдаев шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы хабарлама жасады.
Аудан басшысы диқандарға күріш егу науқанын оңтайлы мерзім ішінде аяқтау үшін ұйымдастыру шараларына аса мән беріп, барлық агротехникалық талаптарды қатаң сақтауды ескертті. Сондай-ақ егін шаруашылығындағы маңызды мәселелердің бірі өткен жылдан қалыптасқан шаруашылықтардың суға қарыздарын шұғыл өндіру және егінге малдың түсуін алдын алу керегін айтты. Осыған сәйкес кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне егін маусымында шамадан тыс төрт түлік малдары бар тұрғындарды елді мекен аумағынан тысқары аймаққа шығару, тұрғындарға күндізгі, түнгі мезгілдерде малдарына ие болып пада, кезек ұйымдастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Айта кеткен жөн, биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын – 18 245 гектар жерге орналастыру, негізгі дақыл күрішті – 6436 гектарға егу жоспарлануда. Бүгінде оның ішінде 5536 гектар ескі жоңышқа толық тырмаланып суғарылса, жоспарланған 2945 гектар жаңа жоңышқа, 200 гектар жаздық бидай, 40 гектар арпа және 495 гектар мақсары дақылдары толық егіліп, күтімге алынуда.
Несібесін жерден теретін жұртшылық ендігі жаз бойы дала төсінде еңбек етпек. Күн райының қалай болары белгісіз, алайда жауынсыз өтсе де, құрғақшылықтан қорқыныш болса да жайқала өскен астықтың шығымы жаман болмасы сөзсіз. Ерте көктемнен қоңыр күзге дейін күні-түні сайманын сайлаған еңбеккерлердің маңдай терін аңғармаймыз. Олар қамбаға астық толсын деп жатпай-тұрмай өнімді үпілей өсіреді. Талай диқанның құтты орнына айналған егіншілік алқабы бап пен жайлылықты қажет етеді. Тырбанып, жер тырнаған диқан бейнеті өтелетін шақ та алыс емес. Дала төсін еңбек дүбіріне бөлеген қауымның мол табысқа кенелуіне биыл да көпшіл қауым тілекші.
Айнұр ӘЛИ
17 мамыр 2025 ж. 41 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 42

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031