«Кедергісіз келешек»: түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Бүгін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында бірқатар орта білім беру ұйымдарында мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған квота талаптарын түсіндіруге бағытталған кездесулер өтті. Аталған шараға аудандық партия филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшесі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі Мерей Тілеубай мен бөлімнің бас маманы Жұлдызай Байтілес қатысты.














