Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Путин Украина бойынша келіссөздер өтетін Ыстамбұлға бармайды

Путин Украина бойынша келіссөздер өтетін Ыстамбұлға бармайды

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін Ыстамбұлға бармайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның аты келіссөздерге қатысатын ресейлік делегация тізімінде жоқ. Бұл тізімді Путиннің өзі бекіткен, ал ол туралы ақпарат Кремльдің сайтында сәрсенбі, 14 мамыр күні, кешке жарияланды. Сол күні кешке америкалық Sky News телеарнасы келіссөздерге АҚШ президенті Дональд Трамптың да бармайтынын хабарлады.

Ыстамбұлдағы келіссөздерде Ресей делегациясына Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский жетекшілік етеді. Делегация құрамында бір де бір министр жоқ – онда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та, қорғаныс министрі Андрей Белоусов та болмайды. Олардың орнына келіссөздерге Лавровтың орынбасары Михаил Галузин, Белоусовтың орынбасары Александр Фомин және Ресей Қарулы күштері бас штабының бас басқарма бастығы Игорь Костюков жіберіледі.

Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинді тікелей келіссөздерге қатысуға шақырған болатын.

Біз Путинмен кездесудің өтуі үшін бар күшімізді саламыз. Бітім туралы шешімді сол ғана қабылдай алады, – деп мәлімдеді Украина көшбасшысы.
15 мамыр 2025 ж. 195 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930