Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында жаңа Атқарушы хатшы тағайындалды

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында жаңа Атқарушы хатшы тағайындалды


Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында жаңа Атқарушы хатшы тағайындалды.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында маңызды кадрлық өзгерістер орын алды. Партияның Саяси кеңес мүшелерінің келісімімен жаңа Атқарушы хатшы қызметіне Қуаныш Әлібек Нұрланұлы тағайындалды.
Қуаныш Әлібек Нұрланұлы 1986 жылғы 31 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген.
2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінде жастар ісі жөніндегі маман болып бастаған.
2006–2021 жылдар аралығында «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып қызмет атқарған. Жастар саясаты мен қоғамдық жұмыстар саласында 15 жылдық тәжірибесі бар.
2024 жылы «Байтақ-Болашақ» экоальянсының атқарушы директоры ретінде еңбек етіп, кейін партия ішіндегі Партиялық бақылау комитеті департаментінің директоры қызметін атқарды.
Бұл тағайындау өңірлік деңгейде партиялық басқаруды күшейтіп, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге маңызды үлес қосады деп күтілуде.

10 мамыр 2025 ж. 291 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930