Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттар құрметке бөленді

Қарттар құрметке бөленді

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентіндегі тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, Мемлекет басшысының жарлығы бойынша берілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады. Сонымен қатар аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауын жеткізіп, мерекеге орай сый-құрмет көрсетті.
Олардың қатарында сұрапыл соғыс кезінде тылда аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан 89 жастағы тыл ардагерлері Қаным Құрманбаева мен соғыс кезеңінен кейінде 45 жыл бойына білім саласында қызмет еткен ардагер Нұрбек Шакенов бар.
Аудан басшысы соғыс жылдарында Жеңісті жақындатуға тыл еңбеккерлерінің ерен үлес қосқанын жеткізіп, тыл ардагерлеріне өңірдің дамуына, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлестері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ мерекелік медаль мен арнайы құттықтауларды табыстады.
Өз кезегінде ардагерлерде ел Президенті мен аймақ басшысына және де мерекеде сый-құрмет көрсетіп келген азаматтарға шынайы ризашылықтарын жеткізіп, ақ баталарын берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
10 мамыр 2025 ж. 239 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 151

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 153

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031