Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арына дақ түсірмеген офицер

Арына дақ түсірмеген офицер

Сейітқали Ұлықпанұлы қоғамдық тәртіп сақшылығына 19 жылын арнаған. Ол бар-жоғы 39 жыл ғана ғұмыр кешті. Милиция капитаны Сейітқали Бақтыберлин есімі өмірден өткеніне 31 жыл өтсе де, бұл саладағы қызметтестерінің әлі күнге естерінде.
Сейітқали 1955 жылдың күзінде Жаңа Қазалы поселкесінде белгілі заңгер Ұлықпан есімді азаматтың отбасында дүниеге келді. 1962 жылдың 1-ші қыркүйегінде №420 темір жол мектебінің табалдырығын аттаған ол 1972 жылы он сыныпты бітіреді. Бұдан соң Германияның Риза қаласында әскери борышын өтеп, полк командирінің құрмет грамотасымен озат әскер болды деген саяси әскери мінездемесін алады. Қуанышы қойнына сыймай кіші сержант шенімен елге оралады.
Аудандық комсомол комитеті мен әскери комисариаттың жолдамасымен Сейітқали 1975 жылы 12-ші тамызда облыстық ішкі істер басқармасының бұйрығымен Қазалы аудандық ішкі істер бөліміне милиционер болып қызметке орналасады. Кейін Қарағанды қаласындағы арнаулы милиция мектебінің үш айлық дайындық курсынан дәріс алады. Алғыр да, шымыр денелі кіші сержант алғашқы погондылар қатарына қызметке орналасқан уақыттан бастап, өзінің ізденімпаздығын, қызметіне берілген адалдығын іс жүзінде әріптестері мен бөлім басшыларына білдіреді.
Бөлімдегі комсомол комитетінің бюро мүшесі әрі кіші оперативтік қызметкер атағын иеленіп, озаттар қатарынан көрінеді. Бөлімдегі «Озаттар тақтасына» суреті ілініп, сол кездері кез келген қызметкерге бұйыра бермейтін КПСС мүшелігіне де қабылданды. Білімін жетілдіру қажеттілігін түсінген Сейітқали Алматы қаласындағы милицияның арнаулы мектебіне 1983 жылы оқуға түсіп, оны 1975 жылы ойдағыдай аяқтаған соң аудандағы қызметіне лейтенант шенімен кіріседі. Сол жылы қарағандылық Күләш есімді бойжеткенмен танысады. Алматыдан арнаулы оқу орнының дипломымен бірге өмірлік жарын да әкеліп, отбасы мүшелерін үлкен қуанышқа кенелтеді.
Өз ісіне барынша берілген офицер шенін иеленген Сейітқали Қазалы қаласында учаскелік инспектор, ішкі істер бөлімінде оперативтік кезекші, паспорт столының инспекторы қызметтерін тиянақтылықпен адал атқарғанының біз куәсіміз.
Ерен еңбектері басшылар тарапынан әр кездері ескеріліп, «Мінсіз қызметі үшін ІІІ, ІІ, І дәрежелі» медалдарымен және «КСРО милициясының үздігі» төс белгісімен, алғыс хаттармен, мақтау грамотасымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Капитан шеніне дейін жетіп, озаттар қатарынан көрінген азамат атанды.
Сейтіқалидың заңгер отбасынан шыққанын жоғарыда айттық. Ал анасы Үрпатша вагон депосында еңбек еткен. Ұлықпан мен Үрпатшадан Сейітқасым, Сейітқали, Сейітжан есімді ер балдары мен Айжан, Іңкәр есімді қыздары дүниеге келген. Әкесі 1971 жылы 51 жасында, ал анасы 2010 жылы 80 жасында дүниеден озған.
Сейітқалидың қызмет бабындағы деректерге зер салсақ, қауіпті қылмыскерлерді ұстау, әшкерелеудің 13 операциясына қатысыпты. Соның ішінде Қазалы қаласында маскүнемдер қатарында жүрген Вахлаков, Костин, Мор, Айкон есімді қылмыскерлерді әшкерелеу, оларды тұтқындаудағы оперативтік шеберлігі бөлек әңгіме.
Сейітқали Ұлықпанұлы өз қызметін ерекше құрметтеген. Оның бітім-болмысы, форма киім киісі, жүріс-тұрысы да ерекше көз тартатын. Денесі шымыр, автоматтан, пистолеттен көздеп атудың шебері еді. Барлық ісін ақылмен, сабырмен атқаратын сарбаздың бірі де, бірегейі болатын.
Мінезі көркем, кішіпейіл, қарапайым, әріптестерінің ортасында сыйлы да болды. Қасымхан Машембаев, Жеңіс Күртебаев, Бұрқан Бекмұрзаев, Қуантай Суханов, Мұхраж Жарбосынов және осы мақаланың авторы және де тағы басқалармен өте жақсы қарым-қатынас құрды.
Қазалының озат сақшыларының бірі – әріптесіміз Сейітқали Ұлықпанұлы 1994 жылдың 22-ші желтоқсан күні ұзақ науқастан небәрі 39 жасында қайтыс болды. Ол арына дақ түсірмеген офицер еді.
Сейітқали мен Бақытқали мен Күләш Райхан, Кәния, Сарқыт сынды ұл-қызды өмірге әкелді. Бүгінде олар Қарағанды қаласында әртүрлі қызмет саласында еңбек етіп жүр. Орнында бар оңалар деген осы болса керек.

Беганыш ЖАҚСЫБАЙ,
ҚР ішкі істер Министрлігінің
Құрметті ардагері
09 мамыр 2025 ж. 67 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 64

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031