Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ең танымал ТОП-10 спорт түрі анықталды

Қазақстандағы ең танымал ТОП-10 спорт түрі анықталды

Фото: istockphoto
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистикада бұқаралық және өзге де спорт түрлері қамтылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 
Деректерге сәйкес, елімізде ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол. Аталған спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады. Айта кетерлігі, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады. Бұл – футболдың ел аумағында кең тараған әрі қолжетімді спорт түрі екенін дәлелдейді.
Кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:
  • Классикалық волейбол – 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде – 421 035)
  • Баскетбол – 541 819 (ауылдық жерде – 238 853)
  • Футзал – 368 349 (ауылдық жерде – 130 744)
  • Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылдық жерде – 174 261)
  • Шахмат – 278 101 (ауылдық жерде – 128 243)
  • Үстел теннисі – 262 835 (ауылдық жерде – 127 416)
  • Дойбы – 213 490 (ауылдық жерде – 115 198)
  • Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылдық жерде – 119 302)
  • Қазақ күресі – 160 399 (ауылдық жерде – 87 030)
Бұл көрсеткіштер ел азаматтарының дәстүрлі және заманауи спорт түрлеріне деген қызығушылығының жоғары екенін, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысы артып келе жатқанын көрсетеді. Министрлік бұқаралық спортты дамыту және өңірлерде қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру бағытындағы бағдарламаларды жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады.
06 мамыр 2025 ж. 77 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031