МӘМС: жаңалық пен жаңашылдық

Халық саулығы – мемлекет байлығы. Қолданысқа енгеніне бірнеше жыл болса да, қазақстандықтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі толғамды тақырыпқа айналып келеді. 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру – уақыт талабы екенін айтып, оны жедел қолға алуға тапсырма берген болатын. Содан бері не өзгерді? Медициналық қызметтегі реформалану тетігі неде?
Ақылы қызмет ақылға қона ма?
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС). Заң бойынша еліміздегі барлық сақтандырылған азаматтарының жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етуге міндетті.
Әлеуметтік қорғау үлгісі озық шетелдік тәжірибелер жүйсеніде жасақталған. Халықаралық жүйеде 50-ден астам елдің тәжірибесі зерттелген. Баршаға белгілі денсаулық сақтада қаржыландырудың : бюджеттік, сақтандыру және аралас түрі бар.
Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция бюджеттік үлгіні тұтынса, Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы сияқты елдерде әлеуметтік сақтандыру пайдаланылады. Ал жеке сақтандыруды жүзеге асырып отырған мемлекет – АҚШ.
Көптеген елдер бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас қолданады.
Біздегі аралас үлгі саланың қаржылық тұрақтылығы, медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімділігін ұсынып, медициналық көмектің кең ауқымды пакетін қамтамасыз етуді мақсат тұтқан.
Әлемнің өзге елдері, тіпті ТМД мемлекеттері арасында Қазақстандық медициналық сақтандыру қоры аударымдарының көлемі бойынша қолайлы ел саналады.
«Бұл тиімді тетік. Себебі жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында ортақ жауапкершіліктің жоқтығы бар. МӘМС осыны реттеді. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігінің арттырып, сапаға да көмектеседі. Мәселен бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген жұқпалы науқастар жұмыс істейтін орындар табылған болатын. Қазір қауіпсіздік арқылы біз де алаңсыз өмірімізді жалғасырамыз», – дейді Айжанар Есмұратқызы.
Сондай – ақ МӘМС қызмет сапасын арттыру, тұрғындардың өз денсаулығына бейжай қарамауына, медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат оталарға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алуға мүмкіндікке жол ашты.
Президент пәрменінен соң
Оңтайығын көрсетсе де, қалыптасып келе жатқан жүйенің әлі толықтыруы тиіс кемшіл тұсы да жеткілікті. Президент пәрменінен соң міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған Заң жобасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін ажыратып, медициналық көмектің бірыңғай пакетін құру ұсынылаған болатын.
Осы бағытта алдымен қолға алынған жұмыс: медициналық көмек көрсетілетін аурулардың тізбесін анықтау өкілеттігі берілуі болды.
2027 жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржы алатын мемлекеттік азаматтар үлесін кезең-кезеңмен арттыру жоспарланды. Мемлекет жарналарының мөлшерлемесі 2027 жылдан 2037 жылға дейін әр екі жыл сайын 0,5 процент, жалпы 3 процентке ұлғайтуды ұсынды. Бұл өзгерістер МӘМС жүйесі арқылы денсаулық сақтау шығындарын қосымша қаржыландыруға мүмкіндік беруге бағытталады делінуде.
Бірнеше айлық талдау-талқылау, зерттеу-зерделеу нәтижесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясындағы қызметтерді медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен міндетті медициналық сақтандыру пакетіне ауыстыру тиімді деп танылды.
Өткен жылдың соңында емханаларда жалған құжаттар толтырылмас үшін қанатқақты FACE ID жүйесін қосу қолға алынған болатын.
Жарты миллион жанға жеңілдік
ҚР Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәселе көтерілгенде медициналық көмек көрсету саласын қайта қарау қажеттігін айтқан болатын. Бастама нәтижесіз емес. Сең қозғалды. Елімізде кепілдік берілген базалық және сақтандыру пакеттерінен тұратын медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды көздейтін заң жобасы дайындалды.
Қаржыландырылудың тиісті деңгейін талап ететін қалыптастырылатын пакетте жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да көзделген.
Тамара Дүйсенова Үкімет отырысындағы сөзінде бұл туралы былай деп мәлімдеді.
«Бұл тіркелген жұмыссыздар үшін жарналарды жергілікті бюджет есебінен төлеуге және жүйенің параметрлерін жоғарғы шекті және медициналық сақтандыру қорына аударымдар мөлшерлемесін өзгертуге қатысты».
Мәжілісте өткен таныстылған заң жобаның бірінші оқылымында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірыңғай медициналық көмек пактетін енгізу туралы атап өтті.
Мемлекеттік кепілдіктер көлемін арттырып, әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте диагностикалауға септеспек.
Ашытықты көрсететін пакет бұған дейін орын алған олқылықтарды жоймақ.
Бұл мемлекет кепілдіктерін кеңейтуге, соның ішінде, әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте диагностикалауға септеседі.
Жаңа пакет медициналық қызметті қолжетімді әрі ашық етеді деп күтілуде.
Қызметтердің қайталануын жояды және жүйе ішіндегі қаражаттың орынсыз ауысуына тосқауыл болады.
60 ай бойы тұрақты сақтандыру төлемін төлеп келген қазақстандық белгілі жағдайға байланысты, төлем төлеуге қабілетсіз болып қалса, не уақытша тоқтатса, бұған дейінгі жағдай ескеріліп, үш ай тегін емделе алатын. Бұл қызмет түрі енді тағы үш айға ұзартылған.
Халық қалаулылары Республикалық және жергілікті жүйелер үшін бірыңғай есептеу нысанын белгілеу туралы пікірді әлі де қарау керек деген ұстанымда. Себеп, орташа жалақыға негізделген жүйе бойыеша әр өңірде төлем әртүрлі. Алатын қызмет түрі ортақ.
Қаржылық тұрақтылықты қалыптастырып, қызметке жүгінушілер сенімін нығайтады, белсенеділікті арттырады деп күтіліп отыр.
Қиын жағдайға тап болған және жұмыссыздар жаранасы да тыс қалмаған. Сақтандырылмаған халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуға мақсатта «Д» және «Е» санаттарына жататын жұмыссыздар мен жұмыс істемейтін тұлғаларға (әлеуметтік қамсыздандырудың дағдарыс және төтенше деңгейлері) аударымдарды мемлекет өтемек. Яғни жұмыссыздар үшін сақтандыру қаржысы жергілікті бюджеттен аударылады. Деректерге жүгінсек Республика бойынша 3 миллионға жуық адам жалдамалы жұмыскер. Мамандар жұмыссыздар қатарын азайтуға бұл тұрғыда әкімдіктер де мүдделі болады деп отыр.
Жаңа заңда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарналарды есептеу базасының жоғарғы шегі 10 ең төменгі жалақыдан 50 ең төменгі жалақыға дейін өспек. Жағдай шамамен 9 процент жалдамалы жұмыскер немесе 508 мың адам мен олардың жұмыс берушілеріне әсер етпек.
Алайда еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайту үшін депутаттар табыстың жоғарғы шегін қызметкерлер үшін 20 ең төменгі жалақы, ал жұмыс берушілер үшін 40 ең төменгі жалақы көлемінде белгілеуді ұсынды.Сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне республикалық бюджеттен түсетін мемлекеттік жарналарды кезең-кезеңімен ұлғайту көзделіп отыр.
«Жедел жәрдем қызметі шектеледі». «Ақылы болады екен» деген ел арасындағы үрей әзірге өзгеріссіз қалды. Бұған дейін 4 котегория бойынша қызмет қалай көрсетілсе, әрі қарай да солай жалағаса береді.
Ауруханаға сұраныс халықаралық тәжірибеге негізделген тізім бойынша жүзеге аспақ. Ал есік тоздырып жүріп, жағдайын төмендетіп алаған халықтың базынасы да бұл күні айтылды.
«Былтыр тікелей тар буынды дәрігерге көрінетін себептерді 8-ге дейін жеткіздік. Овтальмолог немесе травматологияға жалпы тәжіибелі дәрігерсіз тікелей өтетін жағдай бар. Диспансерлік есепте тұратын науқастардың көбі қосымша кордиологқа, эндокринологқа баруы керек кезінде, тағы да терапевтке бару керек еді, сол бойынша да өзгеріс енгіздік», – дейді жауабында Ақмарал Шәріпбайқызы.
Басты өзгерістің бірі өздері медициналық сақтандыру үшін аударған ақы туралы қызмет тұтынушылары енді бақылау жасай алады.
Сонымен кепілі медициналық көмек пен МӘМС-тің бірігуі туралы Заң, алдымен, ашықтықтың алғышартын жасайды, қаржыны мақсатты бағытқа бағыттап, салаға жаңылықтарың енуіне ықпалдаспақ.
Емдеу орындары туралы тұрғындар тарапынан көтерілген, анықталған, депутаттар жеткізген өзге де жайлар бірінші шілдеге дейін пысықталатын болады.
Дайындаған: Алтын МЕЙІРХАН