Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылау касса машинасын қолдану кезіндегі қойылатын талаптар

Бақылау касса машинасын қолдану кезіндегі қойылатын талаптар

Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 166-бабына сәйкес, қолма-қол ақшалай есеп айырысулар арқылы өз қызметтерін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер бақылау касса машиналарын қолдануға міндетті.
Бақылау касса машиналарын қолдану кезінде мынандай талаптар қойылады:
1. Ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау касса машинасын салық органында есепке қою қажет.
2. Әрбір тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет үшін төленген сомаға бақылау касса машинасының чегін беру қажет.
Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағында БКМ чегінің деректемелері, оның ішінде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – ТЖҚ) атауы туралы ақпарат бекітілген.
Осыған орай, барлық қолма-қол ақшалай есеп айырысулар арқылы өз қызметтерін жүзеге асыратын салық төлеушілер бақылау касса машинасының түбіртегін тауар атауымен басу керектігін ескертеді.
Егерде, жоғарыдағы талаптарды сақтамай деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау касса машиналарын тіркемеген жағдайда, сонымен қатар сатып алушыға бақылау касса машинасының чегін бермеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284 бабына сәйкес жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

Г.ЖАКСЫБАЕВА,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
23 сәуір 2025 ж. 92 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930