Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖҰМЫС ҮЗДІКСІЗ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖҰМЫС ҮЗДІКСІЗ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы талқыланды.
Мемлекет басшысы кеше ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясында: «Менің бастамаммен былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Жалпыұлттық жобаға 6 миллионнан астам адам қатысты. 1,6 миллион тоннадан аса қоқыс жиналды. 3,3 миллион көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан», бұл – біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Біз әр азаматтың, әсіресе, жастардың бойына тазалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек», – деді.
Оның алдында «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде Президентіміз: «Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр», – деп атап өткен болатын.
Бүгінде аймақта санитарлық тазалық жұмыстарының бөлінісі жасалған. Ол бойынша әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың қасбетін қалыпқа келтіру, көше, жол бойы тазалығын қамтамасыз ету, жол белгілерін түзету керек. Жауапты сала басшылары өздеріне қарасты мекемелердің тазалығын, абаттандырылуын, қасбетінің талапқа сай болуын бақылауға алған. Әсіресе халық көп шоғырланатын теміржол станциялары мен вокзалдарды, олардың аумақтарының тазалығын тұрақты қадағалау керек. Вокзалдағы сауда орындары, перрон, демалыс алаңдары, қоқыс жәшіктерін күнделікті тазалап, сыртқы келбетін ретке келтіруге назар аударылады.
Айта кету керек, аймақта экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспары бекітілген. Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлер демеушілігімен ойын және спорт алаңдары, демалыс орындары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізілуде. Демеушілік есебінен 1 млрд. теңгеге Қызылорда қаласындағы орталық алаң жаңа келбетке ие болды. Биыл қалалық мәдени-демалыс паркі мен Президент саябағы қолға алынды. Аудан орталықтарында да кәсіпкерлердің демеушілігімен жаңа демалыс орындары, аллеялар салынып, көшелер абаттандырылып, жарықтандырылды.
Жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Соңғы екі жылда үздік атанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды. Бұдан бөлек, коммуналдық, абаттандыру мекемелеріне 142 арнайы техника сатып алынып, ел игілігіне қызмет етуде. Тұрғындарды экологиялық таза көлік қызметімен қамтамасыз ету үшін 100 жаңа электромобиль алынып, 16 электр қуаттау бекеті салынды.
Аймақ басшысы елді мекендерді көркейту мен көгалдандыруға, абаттандыруға, санитарлық тазалығына барлық мекеме біркісідей атсалысуы керек екенін ескертті. Мәжілістен кейін Нұрлыбек Машбекұлы қаладағы көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 сәуір 2025 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930