Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда қатты жер сілкінді

Түркияда қатты жер сілкінді

Фото: istockphoto.com
Silivri жағалауында екі рет жер сілкініп, халық үрейде отыр
Түркияның Ыстамбұл қаласына қарасты Silivri ауданында бүгін екі рет жер сілкінісі тіркелді. Бірінші дүмпу Мармара теңізінде, Silivri жағалауы маңында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Апат және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) деректеріне сәйкес, алғашқы сілкіністің магнитудасы 3,9 болған. Ал екінші сілкіністің күші 6,2 магнитудаға жетіп, Ыстамбұл мен оған іргелес аймақтарда үлкен дүрбелең туғызды.
Куәгерлердің айтуынша, екінші сілкініс шамамен 10 секундқа созылып, қала тұрғындары қатты қорыққан. Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая ресми мәлімдеме жасап, AFAD және өзге де жауапты құрылымдарды тексеріске шығарып, жағдайды бағалауға кіріскенін айтты.
«Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне байланысты AFAD және тиісті мекемелердің барлық топтары аумақтық тексеру жұмыстарын бастады», – деді министр.
AFAD-тың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, жер сілкінісі 6,99 шақырым тереңдікте болған. Kandilli обсерваториясы бұл сілкіністің магнитудасын 4,0 деп жариялаған. Дүмпулер Стамбулмен қатар, көршілес аймақтарда да анық сезілген.
23 сәуір 2025 ж. 287 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031