Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 13 891 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 439 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 541 және 1 023 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 709 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 609 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 768 жұмыс беруші бар. Оларда 376 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,4% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 131 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 885 адам, Өзбекстан – 1 614 адам, Үндістан – 1 150 адам, Түркия – 1 124 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.
22 сәуір 2025 ж. 45 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 52

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930