Бөлім басшысы тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
Бүгін Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғани Дармағамбет «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдауға келген жалғызбасты зейнеткер әлеуметтік көмекке қатысты өтінішін жеткізді. Бөлім басшысы бұл мәселені назарға алып, алдағы уақытта өз тарапынан материалдық көмек көрсетілетінін айтты.
Сондай-ақ қабылдау барысында басқа да келушілер тарапынан мәдениет саласына байланысты бірқатар сауалдар мен ұсыныстар көтерілді. Бөлім басшысы барлық ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, тиісті бағыттар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.














