Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды интеллект журналистикаға үлкен мүмкіндік әкелді – Айна Задабек

Жасанды интеллект журналистикаға үлкен мүмкіндік әкелді – Айна Задабек

ІІ Орталық Азия медиа форумында Qazcontent АҚ төрағасы Айна Задабек жасанды интеллектті медиа саласында қолдануға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасанды интеллект журналистикаға үлкен мүмкіндік әкелді. Сөзіміз дәйек болуы үшін Qazcontent-тің мысалын келтірейін. Қоғамымызда 2024 жылдың соңында ЖИ-ді дамыту бойынша кеңес құрдық, - деді ұйым басшысы.

Qazcontent – ол мемлекеттік акционерлік қоғам. Оның құрамына Baq.kz, Baigenews.kz, El.kz, Ruh.kz, Тарих порталы, Әдебиет порталы және Премьер-министрдің ресми сайты кіреді.

Біз ЖИ-ді енгізу процесін бастаған кезде қызық оқиға болды. Алғашында әріптестерімнен, тілшілерден “ЖИ-ді пайдаланасыздар ма?” деп сұрадым. Сол кезде көбі үндемей қалды, кейбірі пайдаланбайтындарын айтты. Мен әріптестерім ЖИ-дің мүмкіндіктерін пайдаланбайтын болса, онда біз шұғыл түрде осы жүйеге қосылып, оны меңгеруіміз керек деп ойладым. Кейін біраз уақыт өткеннен кейін әріптестерім ЖИ-ді шыққан кезден бері пайдаланып келе жатқандарын мойындады. Бірақ не үшін бірден айтпағандарын сұрағанымда “ЖИ-ді пайдаланып, мақаланы жазған кезде ол мақаланың авторы кім болады, мен бе, әлде робот па?” деген мәселе болды. Біз мемлекеттік тапсырысты орындайтындықтан министрлікке есеп беруіміз керек, - деді Айна Задабек.

Qazcontent басшысы министрліктегі әріптестерімен сөйлесіп, бұл мәселенің шешімін тапқанын жеткізді.

Задабек ЖИ көмегімен жазылған мақалаға белгі қою керегін атап өтті.

ЖИ журналистің жұмысын азайтпайды, бірақ үлкен мүмкіндік береді. Жаңа бағыттар, креативті ойлау мүмкіндіктерін ашады, - деп ойын қорытындылады ол медиафорумда.
16 сәуір 2025 ж. 791 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30